Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте күзетші оқ жарақатын алған

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2020
  • 2131

Шымкентте оқыс оқиға. Күзет агенттігінің 31 жасар қызметкері оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Алдын ала болжамдарға қарағанда күзетші өзінің травматикалық тапаншасынан жарақаттанған болуы керек. Келтірілген мәліметтерге қарағанда оқиға түнгі үш шамасында болыпты. Көлік ішінде отырған қызметкер басынан жарақат алған. Қасында бірге отырған серігі мән-жайды түсіндіріп бере алмапты. "Көзім ілініп кеткендіктен, ештеңені байқамадым", депті ол. Ал, жарақат алған жігіттің басына шұғыл ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, күзетшінің жағдайы ауыр.

Бабур ЮСУПОВ, ШЫМКЕНТ қ. № 1 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР-НЕЙРОХИРУРГІ:

Отадан кейінгі жағдайы тұрақты ауыр жағдайда. Реанимация бөлімінде. Жарақат алған жері маңдай шеке оң жағынан. –Қанша оқ алдыңыздар? – 1 оқ алынды.


Күзет қызметкері өзіне қол салмақ болды ма әлде тапанша абайсызда атылып кетті ме? Ол жағын полиция анықтайды. Осы уақытта, «Өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал күзет агенттігінің басшысы, бөгде адамның қатысы болмағанына сенімді.

Алмас БАТЫРБЕКОВ,  КҮЗЕТ АГЕНТТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 
Не шешім қабылданды? Әрине материалдық көмектесеміз. Мән-жайды анықтаймыз. Болмаса адаптация мекемелерге емдетуге неғылса қолұшын береміз. Біз оған дайынбыз. Ал біз тарапынан ешқандай қысым болмаған. Еңбек ақысын айма ай алып отырған, өте бізде үлгілі қызметкер еді.

А. Төребекқызы