Русский Сайттың толық нұсқасы

«ADAL» партиясының депутаттығына кандидаттар Шымкент тұрғындарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2020
  • 2665

"ADAL" партиясының Алматы облысынан басталған үгіт-насихат жұмыстары, Шымкент қаласында жалғасты. Жоспарланған ауқымды іс-шаралар кестесі қауырт.  

"Адалдықтар" бизнес бастауға ниетті адамдарды қолдайды. Жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы, жұмыссыздарды азайтуды мақсат еткен. Бұл жайында шымкенттіктермен кездесу кезінде айтты. Мақсат Толықбайдың сөзінше, елдегі жұмыссыздар саны ресми мәліметтегідей 454 мың емес, одан әлдеқайда көп. Сондықтан партия дайын бизнес жобаларды да ұсынып отыр.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ-КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Міне бизнесті бастағысы келетіндерге дайын тұрған платформа. Ауылдың тұрғынысың ба кір, не деп жатыр ауылда, мына ауданда шаштараз жоқ екен, басқасы жоқ екен осыны бір көріп аласыз, екіншіден, біз дайын бізнес жобаны өзіміз жасап береміз. Қазірдің өзінде теплица салғың келе ма, алма бау өсіргің келе ме, түрлі жүзден астам жоба барлық жерге жарамды дайын тұр. Соны кіріп сайтқа бес секундтың ішінде компьютеріңізге көшіріп ала аласыз.

Саяси додаға қатысушылар, сайлауға дейін - 6200-дей ауылдың тұрғындарымен кездесуді жоспарлап қойған. Олардың мұң-мұқтажы мен өзекті проблемаларын сараламақ. Сонымен бірге, оның шешілуіне де ат салысамыз дейді, партия өкілдер. Ауыл шаруашылығын әрі қарай дамыту үшін азаматтарға арзан пайызда несие беруді де қолға алмақ.

Алмасбек САДЫРБАЕВ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНАН ҮМІТКЕР:

Ауылда 41 пайыз халық сонда. Әкім де, ақын да бәрі ауылдан шыққан. Ауыл деген бүгін қазақты асырап отырғанын пандемия көресетті. Ең маңызды адамға денсаулық - бірінші. Екінші, ол алдындағы азығы. Азығын беріп отырған ол қазақ шаруалары. Қазіргі біздің ұсынысымыз реурбанизация процесін қоссақ.

«ADAL» партиясының белсенділері, Алматы облысында да тұрғындармен кездесті. Оларды толғандырған проблемаларды тындады. Бұқара жолдардың сапасына, шағымданған. Әрі бюджет қаражатының мақсатсыз пайдалатынын жеткізген. Мұнан соң Тараз қаласына барды.

Шакизада ЫБРАИМ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Күн көріс үшін кейде жағдайлар болып қалады. Мысалы, құрылыс жүргізу үшін үй жағдайы төмен, сондай азаматтар кредит алып пандемияға байланысты қайтара алмай қалған жағдайлары көптеп кездеседі. Мен білемін шетелдік көптеген мемлекеттерде Батыс мемлекеттерде жеке адамды банкрот тану деген. Партияның бағдарламасын өте мұқият қарап шықтық. Соның ішінде осы мәселе көтерілген.

Суы тартылған "Жайық" өзенінің бүгінгі мүшкіл хәлін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары баяндады. "ADAL-дықтар" бұл проблеманы сыртқы істер министрлігі деңгейінде шешу қажет деді. Партия өкілдері, экологиялық жағдай бойынша өкілетті органдардың жауапкершілігін күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ аталған аймақта азаматтар мектептер мен қоғамдық көліктің жетіспеушілігіне шағымданды. "Adal" партиясы өкілдері шағын кәсіпкерлерді қолдауды да бағдарламасына енгізген.

Нұрлыбек МҰҚАНОВ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:


Шағын кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелердің бірі, ол -несиенің қаражат көздерінің тапшылығы. Бұл қаржат көздерінің тапшылығын  қалай партия болашақта шешеміз деген ниетіміз бен ұсыныстарымызды айттық. Және де ауыл мен ауыл шаруашылығы өте етене тығыз байланысты дүние екеніне байланысты ауыл мен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы ауылды дамыту мәселелеріне де көз қойғанбыз.


Партия сапар кезінде халықтың барлық санаттағы өкілдерімен кездеспек. Айта кетейін, саяси науқанға "ADAL-дан" Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер, мәслихатқа 302 кандидатты ұсынып отыр.

А. Данияр