Русский Сайттың толық нұсқасы

Шекарада тұрып қалған жүк көліктеріне бола Қазақстан Қытайға нота жіберді

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2020
  • 2907

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарада кептелісте тұрған жүк көліктеріне байланысты, қазақ елі Қытайға нота жіберді. Үкімет басшысы Асқар Мамин, депутаттардың сауалына қатысты осыны жеткізді. "Қарашаның 10 күні Қытай жағы Қазақстаннан кіретін жүк көліктеріне шектеу енгізді. Осы мәселені шешу мақсатында Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы Қазақстан Республикасы Елшілігі арқылы нота жіберді", деп хабарланған. Хабарламаға қарағанда жүк көліктеріне неге шектеу қойылғанынан Қытай жағы ашып түсіндірмеген.

Д. Мұхаммедкәрім