Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлаушы дауыс беретін жерін ауыстырғанда, оған есептен шығарылғаны туралы куәлік беріледі

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2020
  • 3085

Сайлаушы дауыс беретін жерін ауыстырса, оған есептен шығарылғаны туралы куәлік беріледі. Сол арқылы сайлау күні өз қалаған жердегі учаскеге тіркелуі керек. Сонда ғана дауыс беру құқығына ие болады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында айтылды. Комиссия мүшелері куәліктің үш түрі болатынын хабарлайды. Бірі аудандық мәслихатқа дауыс беру үшін, енді бірі облыстық болса, үшіншісі Мәжіліс сайлауына үміткерді таңдауға құқық береді.

Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде биылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 9 қаңтардағы сағат 18:00-ге дейін дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға құқылы. Есептен шығару куәлігін тиісті сайлау комиссиясына  өтініш беру арқылы, жеке басын куәландыратын құжат негізінде береді.

Ә. Өмірзақ