Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгіннен бастап ТМД байқаушылар миссиясының штабы жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2020
  • 2046

Бүгіннен бастап, ТМД байқаушылары миссиясының штабы алдағы саяси науқан жұмыстарын бақылауды бастады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пен ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминскидің кездесуі кезінде белгілі болды.   Берік Имашев шетелдік бақылаушыларды сайлау жарияланғаннан бастап, дауыс беру күніне дейінгі саяси науқанның негізгі кезеңдерімен таныстырды. Айта кетейік, ТМД байқаушылары Қазақстанда осымен 14-ші рет сайлауда бақылау жүргізеді.

Виктор ГУМИНСКИЙ, ТМД АТҚАРУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ - АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:


Миссия ұзақ мерзімді бақылаушылардан және қысқа мерзімді бақылаушылардан тұрады. Ұзақ мерзімділердің саны шамамен 20 адам. Бұл - ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері, сондай-ақ ҚР-да жұмыс істейтін дипломатиялық корпустың өкілдері болады.


Ә. Өмірзақ