Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақжолдықтар көпбалалы отбасылардың ипотека рәсімдеуіне жеңілдік қарастыруды көздейді

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2020
  • 1740

"Ақ жол" демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы, елорданың жас сайлаушыларымен кездесті. Олардың қатарында партиямен құрдас, сайлауға алғаш рет қатысатын қазақстандықтар бар.

Елордалық жастар партияның сайлауалды бағдарламасымен танысты. Оларды қызықтырған  сұрақтарға ақжолдықтар жауап берді. Партия шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерге барынша несиелік жеңілдік жасауды көздейді. Тек ол емес, халықтың әл-ауқатын көтеруге күш салмақ. Үгіт-насихат тобы халықтың қолдауын сезініп жатқандарын айтты.   

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Халықтың көзқарасы партияға өте жақсы. Біздің бағдарламамызға да көзқарастары дұрыс. Жастардың көбісі өзінің саяси таңдауын жасауға ұмтылып жатыр. Қазір осы компаниядағы жастардың өзі біздің насихаттаушымызға айналып отыр. Халық әрине қолдайды деп сенеміз. Ал сайыста жеңіске жетеміз бе, жоқ па, нәтиже қалай болады оған болжам жасауға әлі ерте. Оны сайлаушылар шешеді.


Азат СЕМБИНОВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Ақ жол» партиясы жастарға мол мүмкіндік ұсынып отыр. Әсіресе өз ісін бастаймын деген азаматтарға қолдау көп. Тек онымен шектелмей әлеуметтік мәселелерді де шешуге үлкен күш салуды көздеп отырмыз.


Ақжолдықтар ипотека мәселесінеде көп көңіл бөліп отыр. Сайлауалды бағдарламада көпбалалы отбасыларға арнайы бөлім қарастырылған. Онда дүниеге келген әр бала үшін  ипотеканың 25 пайызы мемлекет тарапынан қаржыландырылады делінген. Ал отбасында 4 баладан көп бала туылса, несиені толықтай мемлекет өтеп беруі қажет деп отыр. Партия төрағасы Азат Перуашев елдегі экономикалық ахуалды дамыту тетіктерімен де бөлісті.
 
Ғ. Өтемісов