Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауыл» партиясы еңбек қатынастарын реттемек

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2020
  • 1924

«Ауыл» партиясы еңбек қатынастарын реттемек. Бұл жайында партиялықтар кәсіподақтар федерациясымен кездесуінде айтты.

"Ауылдықтар" кәсіподақ мүшелеріне сайлауалды бағдарламаларын түсіндірді. Елді-мекендегі бұқараның мүддесін қорғауды ұран еткен партиялықтар, ауыл шаруашылығындағы еңбек қатынастарының реттелуін мақсат етеді. Әсіресе, жиі құқығы бұзылатын ауыл жұртына жан-жақты қолдау көрсетпек. Мұны - елдің түкпір-түкпірінен кәсіподақ жұмысын қайта жандандыру арқылы шешеміз деп отыр.

Төлеутай РАХЫМБЕКОВ, "АУЫЛ" ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Еңбекақы төлеуі мысалы, жұмыстың қауіпсіздігі, жұмыстың ұйымдастырылу жағдайы, одан кейін әлеуметтік жағдайы, қолдауы, осындай көп ұсыныстар болғаннан кейін оны сайлауалды бағдарламамызға кіргіздік.

"Ауыл" партиясы, сондай-ақ кәсіподақтың өңірлердегі мүшелері де саяси доданың барынша әділ өтуіне жағдай жасайды деп сенеді. Федерация атынан дауыс беру барысын 7 мыңға жуық адам бақыламақ. Кәсіподақ еңбеккерлерді дауыс беруге мәжбүрлеудің алдын-алу жұмыстарын бастап кеткен.

Нұрлан ӨТЕШЕВ, КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бүгіннен бастап "ыстық линияны" ашып жатырмыз. Ватсапп арқылы осындай фактілер болып жатса, біз оны аймақтық штабтың мүшелерін тартып, оны дәлелдеуге жібереміз. Сондай фактілер дәлелденсе, біз оны өзіміздің есебімізге кіргіземіз.


А. Мүтәлі