Русский Сайттың толық нұсқасы

Қонақ үйде туған сәбиін ұрып өлтірген Британ азаматы 20 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2020
  • 2314

Алматыда туған сәбиін ұрып өлтірген Британ азаматы 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Жантүршігерлік оқиға өткен жылы қазанның 24-де болған. Сотта келтірілген деректерге қарағанда, Мохамед Баракат Алматыдағы 5 жұлдызды қонақ үйлердің біріне тоқтапты. Алкогольдік ішімдікке масайған шетел азаматы отельде әйелімен жанжал шығарып, бір жарым жасар сәбиін ұрып өлтірген екен. Тергеушілердің бұл айыбымен Британ азаматы келіспеді. Ол өзін эпилепсия дертімен ауырғанын және сәбидің өлімі кездейсоқ болған оқиға, деп ақталды. Алайда, шетел азаматы келтірген дәйектерді судья дәлелсіз деп танып Мохамед Баракатты 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Бақытхан БӘКІРБАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


20 жылға бас бостандығынан айырылсын. Әрі ол жазасын өтеп болғаннан кейін 5 жылға Қазақстан Республикасы аумағынан шеттетілсін. Мерзімнің басталуы 2020 жылдың 24 қазанынан бастап есептеледі.

     
Сотталушы шетел азаматы болғандықтан сот үкімі 15 күн ішінде күшіне енеді. Ал, оған дейін оның қамауда ұстау бұлтартпай шарасы өзгеріссіз қалады.

Ә. Лесбек