Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жергілікті кәсіпкер мен қоршаған ортаны қорғау басқармасы соттасып жатыр

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2020
  • 2094

"Кәсіпкерлікті аяқтан шалу". Павлодарлық кәсіпкер облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының үстінен осындай шағым түсірді. Мәселе Маңғазы көлінен шыққан. Көлдің жағасына сауықтыру орталығын салып, ас тұзын өндірмек болған кәсіпкер аймақтық басқарма тарапынан үлкен кедергіге тап болыпты. Атқамінерлер, көлдің жалға берілгені туралы келісім шартты кер қайтарған екен. Тараптарды Өзгеріс Қуанар тыңдап көрді.

Тереңкөл ауданындағы Маңғазы көлін кәсіпкер 3 жыл бұрын жалға алған көрінеді. Құжаттар талапқа сай рәсімделген. Ол, бұл жерге шипажай салып бір мың бас ешкі өсірмек болыпты. Сондай ақ ас тұзы өндірісін қолға алмақ болған. Арманы іске аспады. Облыстық басқарма биыл келісім шартты бұзған екен.

Рүстем ҚОРАМБАЕВ, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:


Бізге басқарма міндеттерді дұрыс орындамады - деп айып тақты. Расында, бір құжат дұрыс болмаған. Оны кейін түзеттік. Міндеттелген барлық салық төленді. Соған қарамастан, басқарма бір жақты шешім қабылдап, келісім шартты бұзды. Алдын ала ескерту де бермеді.


Шенеуніктер болса кәсіпкердің сөзін теріске шығарып отыр. "Келісім-шарт заң аясында тоқтатылды", дейді қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

Сағын ТӨЛЕУТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Келісім шартты бұзуға бірнеше себеп бар. 2018-2019 жылдары компания бірқатар міндеттемелерін орындаған жоқ. Инвестиция көлемі белгісіз, жылына қанша тонна тұз өндіретіні туралы есеп берген жоқ. Қанша көлемде салық төленгенін ашып көрсетпеді. Осы негізде алып отырып шарт бұзылды.


Көл дауына жергілікті "Кәсіпкерлер» палатасы да араласты. Сөздеріне қарағанда, келісім-шарттың бұзылатынын мемлекеттік орган алдын ала ескертпеген.

Серік ӘУБӘКІРОВ, ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Айтып кетті саладағы мамандар. Конкурс ондай нәрсе болмайды. Жекеменшік кісі жіберіледі, сол қарсы алады заң бойынша. Түгел құжаттарды толық тапсырса, заң бойынша ол қарастырылады, жер беріледі.


Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Ал кәсіпкер болса, басқарманың үстінен арыз жазып сотқа жүгінді. "Әділдік орнап, жұмысы жанданады", деген үміті бар.


Ө. Қуанар