Русский Сайттың толық нұсқасы

Төбетті көлігіне байлап сүйреген ақсақал жауапқа тартылатын болды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2020
  • 1633

Кейінгі күндері ел ішінде ит пен мысыққа қиянат жасайтындар көбейді. Соңғысы осы бүгін ғана шықты. Екібастұздық 72 жасар ақсақал асыл тұқымды төбетін көлігіне байлап сүйрепті.

Бұл видео әлеуметтік желілер арқылы тарады. Кейіннен іске полиция араласып, иттің иесі табылды. Ол, Екібастұздың 72 жасар тұрғыны болып шықты. Айтуынша, ақсақал төбетін ветеринарға апарып қаратқан. Қайтарда итті көлікке отырғыза алмай, артына байлай салыпты.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Итке қатыгездікпен қараған тұрғынға ҚР Қылмыстық Кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Ал, ит иесіне қайтарылды.

Қарияның бұл қылығы, жануарлар құқығын қорғаушы ұйымдарға жақпады. Сондай қамқоршылардың бірі Мария Гребенкина, "Жануарларға қатыгездік танытқандарды қатаң жазаға тарту", керек дейді.

Мария ГРЕБЁНКИНА, "ПАВЛОДАРДЫҢ ЖҮРЕГІ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Заң осындай қаталдыққа ат үсті қарайды. Берілетін жаза тым жеңіл. Сондықтан, заңды қайта қарап, қатаңдату керек. Бұны балалар көреді. Жүйкесі жұқарады. Кейбірі, итті көлікпен сүйреуге болады екен, деп ойлауы мүмкін.

Ө. Қуанар