Русский Сайттың толық нұсқасы

«Әліппе» кирилл қарпінде шығады , - Білім министрі

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2020
  • 3514

«Әліппе» кирилл қарпінде шығады. Ал латиницадағы оқулық, нақты шешім қабылданғанда қарастырылады.  Мұны, Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып отыр. Еске сала кетейік. Мұның алдында министр, келер жылдан бастап мектеп бағдарламасына "Әліппе" мен "Ана тілі" енгізілетінін айтқан.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Одан кейін мектептерде кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу жұмысы басталғанда, әрине «Әліппені» де латын қарпіне көшіреміз. Бұл жалпы қиын шаруа емес. Ең бастысы – бағдарлама және оқулықтардың мазмұны. Бұл мәселелер қазіргі уақытта шешіліп қойған.

Сондай-ақ министр коронавирусқа қарсы вакцина мәселесіне тоқталды. Отандық екпе білім ошақтарында көктемде басталуы мүмкін. Бірақ, вакцинация мектеп оқушыларына мәжбүрленбейді екен.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Ешкімді мәжбүрлемейді, мәжбүрлеп те жатқан жоқ. Мектептердегі медициналық бөлімді бірнеше жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретіне бергенбіз. Бірақ, мәжбүрлеу туралы тақырып болған емес.


Ә. Өмірзақ