Русский Сайттың толық нұсқасы

2021 жылдың 1 тоқсанында газ бағасы көтерілмейді, Энергетика министрлігі

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2020
  • 1700

Елде келер жылы көгілдір отын қымбаттамайды. Мұны елдің Энергетика министрлігі хабарлап отыр. Жауапты мекеменің сөзіне сенсек, 2021 жылдың 1-тоқсанында сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы өзгеріссіз қалады. Жалпақ тілмен айтқанда, газ бағасы келер жылы көтерілмейді. "Энергетика министрлігі шекті бағаны Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша тоқсан сайын бекітеді және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады", деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Д. Мұхаммедкәрім