Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар зейнетақы қаржысына пластикалық ота жасата алады

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2020
  • 1574

Қазақстандықтар зейнетақы қаржысына пластикалық ота жасата алады. Сондай-ақ, көзді емдету мен стомотологиялық қызмет үшін де бұл ақшаны пайдануға болады. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің департамент басшысының міндетін атқарушы Гүлнәр Сәрсенбаева арнайы брифингте айтты. Жинақ қорындағы ақшаның бір бөлігімен ипотекалық қарызды да жабуға болады. Ал білім беру гранттары үшін бұл қаржы қарастырылмаған екен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақшаны алу үшін тиісті жаста зейнетақы жинақтары «жеткілікті шектен» асуы қажеттігін жеткізді. Әйелдер мен ерлерге бұл меже бірдей белгіленген екен.

Ақмәди САРБАСОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Заңға сәйкес 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, қымбат тұратын емделуге ақы төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруге пайдалану құқығы берілетін болады.


Естеріңізге сала кетейін, 1 қаңтардан бастап 700-мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинағындағы ақшаның бір бөлігін пайдалана алады. Осы орайда «Отбасы банкі» тұрғын үй алуға ниеттілерге арнайы сайтты іске қоспақ. Арнайы платформа арқылы кез келген қазақстандық үйде отырып-ақ өз өтінішін қалдыра алады.

А. Мүтәлі