Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Жамбыл облысы әкімін қабылдады

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2020
  • 2086

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Аймақ әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндады. Сондай-ақ әкім аймақтағы эпиджағдайдан хабардар етті. Қазір Жамбыл облысы коронавирустың тарау қарқыны бойынша жасыл аймақта тұр. Өз кезегінде Елбасы, аймақ басшысына "Қамқорлық" бастамасын қолдағаны үшін және облыстық көпбейінді балалар ауруханасы базасында, оңалту орталығын ашқанына алғыс білдірді.

Ә. Өмірзақ