Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында қорым басынан араб тіліндегі көне кітап табылды

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2021
  • 2089

Көне кітап - қара моладан табылды. Ақтөбе облысындағы Тасөткел ауылының тұрғыны бейіт ішінен араб тілінде жазылған 4 кітап тауып алған. Тарихи еңбектер 1963-ші жылы басылған газетке оралған көрінеді. Облыс орталығынан барған арнайы мамандар оқулықтың XIX ғасырда жазылған еңбек екенін анықтады. Зират басынан табылған көне жәдігер облыстық өлкетану музейіне тапсырылды. Кейіннен ол руханият мұражайына ауыстырылады. Ғалымдар құнды жәдігерлерді мұқият зерттеп шықпақ.

Серік ӘБЖАМИ, ӨЛКЕТАНУШЫ:

Мешіт қызметкерлері бұл кітаптың бір жарым екі ғасырлық тарихы бар деп айтты. Төрт кітап анық бар. Құранның өзі емес шариғат заңдары көрсетілген. Мешіт қызметкерлері қолданған кітап.

Б. Рақметова