Талдықорғанда көп қабатты тұрғын үй өртеніп бір адам қаза тапты. Көқабатты үйдің біріндегі пәтерде газ балоны жарылып, 36 шаршы метр аумақ өртке оранды. Өрт сөндірушілердің көмегімен көпқабатты үйдің өзге пәтерлеріндегі 32 адам құтқарылды. Ал, өрт шыққан пәтерден 1954 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, 25 литрлік газ баллоны жарылған. Орталықтандырылған көгілдір отынға қосылған үйге газ баллоны қайдан тап болды? Мұны тергеу анықтайды.
Азамат ЕРЖАНҰЛЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Шұғыл әрекеттің нәтижесінде өрт, басқа пәтерлерге және үйдің шатырына жетпей өшірілді. От шыққан пәтерден күйіп қалған адамның мәйіті табылды. Айта кету керек, мұндай көпқабатты үйлерде газ баллонын пайдалануға болмайды. Бұл үйлер орталық газға қосылған.
А. Кемелжан