Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2021
  • 1808

"Ауыл" партиясы үгіт-насихат науқаны кезінде 2000-нан аса елді-мекеннің тұрмысымен танысқан. Партиялықтар бүгін Алматы облысында болып, сайлауалды науқанды қорытындылады.

«Ауыл» партиясы бір ай ішінде, елдің түкпір-түкпірінде 6000 мыңнан аса іс-шара өткізді. 2145 ауылды аралап, алыстағы ағайынның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты. Оларға партияның сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. «Ауылдықтардың» пікірінше, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін ең алдымен ауыл шаруашылығы саласын дамыту қажет. Шалғай елді-мекендерді титықтатқан ауыз су, жол, қала берді ғаламтор мәселесін, аграрлық өнеркәсіпке қолдау көрсету арқылы ғана шеше аламыз, деп отыр.

Болатжан НҰРБЕКОВ, «АУЫЛ» ХДП ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Аграрлық саланы көркейту және де сол салаға мүмкіндігінше қол ұшын беріп, сол саланы жандандырып, әрі қарай да дамыту. Ауыл партиясының бағдарламасында негізгі ауыл шаруашылығын көкейтесті сұрақтарына, сауалдарына нақты шешімдер ұсынылып жатыр.


Қанат БЕКЕЕВ, «АУЫЛ» ХДП ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ауылды қолдайтын кез келген уақыт болды. Себебі, ауылда құрылған бір жұмыс орны басқа өндірісте жеті, сегіз өндіріс құратын жағдай бар. Сондықтан біздің халықтың 40 пайызы ауылды жерде тұратындықтан сол жаңағы ауыл шаруашылығын көтеру мәселесі болып тұр.


«Ауыл» партиясы шетелден келетін қандастарды да қолдауға дайын. Алмағайыпта ауып кеткен ағайынды елге қайтарып, олардың түрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге атсалыспақ. Партия оған өз сайлауалды бағдарламасында арнайы тоқталыпты. Айта кетейік, "Ауыл" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 19 үміткер ұсынылған. Оның екеуі қандас. Ал, жергілікті мәслихаттарға 605 адам кандидат ретінде тіркеліп отыр.

А. Мүтәлі