Партиялық тізімдегі әйелдер мен жастардың көбеюі ел экономикасының дамуына серпін береді. Саясаттанушы Әзімбай Ғали арнамызға берген сұхбатында осылай деді. Оның айтуынша, партиялық гендерлік квоталар Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Оның пайымынша жастар жаңа және креативті идеяларға бай, сол арқылы халықтың өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі. Ал нәзік жандылар болса, көпбалалы аналарды әлеуметтік қорғау, жәрдемақы алу мәселелерін шешуге ат салысатынына сенімді.
Әзімбай ҒАЛИ, САЯСАТТАНУШЫ:
Біз жастардың Парламентке және жергілікті өкілетті органдарына келуіне ықпал етуге тиіспіз. Заңнамалық түзетулер, қоғамдық-әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қабілетті жастарды да саясатқа белсенді тартуға мүмкіндік береді. Мұндай ереже Германия, Норвегия, Франция және Бельгияда кеңінен таралған.
Саясаттанушы Андрей Чеботарев сайлауға қатысып жатқан саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалырына тоқталды. Осы жоспарлары арқылы дұрыс мақсаттар мен нұсқауларды көрсетіп берді деп отыр. Сондай-ақ, халықпен белсенді түрде жұмыс істеді. Сол арқылы тұрғындардың өткір мәселелерін тыңдап, оларды шешудің жолдарын бірге қарастырғанын тілге тиек етті. Саясаттанушы мұндай кездесулер әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді дейді.
Андрей ЧЕБОТАРЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Сайлауға қатысып жатқан партиялардың жасаған нақты жұмыстарын көрдік. Әр партия сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сол бойынша жұмыс істеуге бекініп отыр.
Ә. Лесбек