Таразда қоныс колониясынан қашқан 6 адамға іздеу жарияланды. Қылмыскерлердің бостандықта жүруі түрме басшылығын алаңдатуда. Қашқындарды өз күшімен іздеп көрген колония басшылығының әрекетінен әзірге түк шықпады. Олар ұсақ-түйек ұрлық жасап және алаяқтықпен айналысып түрмеге түскен екен. Кейін жақсы тәртібі үшін қоныс колониясына ауыстырылған. Онда олар жұмысқа да орналасып алған. Мұнда кәдімгі түрмедегідей қатаң тәртіп жоқ. Қашқындардың алды бір жыл бұрын шығып кетіп оралмаған, ең соңғысы осыдан екі апта бұрын жұмысқа кеттім деп тайып тұрған. Олар қолға түссе, жаза үстіне жаза қосылмақ.
Төлен Бұзауов, Жамбыл облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЖД-158/5 мекеме басшысының міндетін атқарушы:
Қашып жүрген алтаудың ішінде екеуінің жаза мерзімі аяқталған. Біреуіне бір ай қалған кезде мекеме аумағынан кетіп қалған. Екіншісінің осы тамыздың 26-да жаза мерзімі аяқталып, босап шығу керек еді. Қалғандарына бір жылдай бар әлі.