Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтардың 71,09%-ы "Nur Otan" партиясына дауыс берді

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2021
  • 1726

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады. Нәтижесінде "Nur Otan"партиясы көш бастап тұр. Оған сайлаушылардың 72 пайызы дауыс берген. Ал екінші орынға 10,9 % дауыспен  "Ақ жол" партиясы жайғасты. Үштікті «Қазақстанның Халық» партиясы түйіндеді. Оларға қазақстандықтардың 9,1%-ы дауыс берген. Ал "Ауыл" және "Адал" партиялары тиісті 7 пайыздық дауысты жинай алмады. Нәтижесінде Мәжіліске 3 партия өтті.

Сабила МҰСТАФИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
 
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының барлық түпнұсқалары келіп түскеннен кейін кейін белгілейді.

А. Мүтәлі