Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы жүздеген түтін жылдар бойы жол мен ауыз судың азабын тартып келеді

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2021
  • 2090

Алматы облысы тұрғындары ауыз суды есекпен көрші ауылдан тасып ішеді. Дулат аталып кеткен шағын аудан Алматыдан небәрі 50 шақырым қашықтықта жатыр. Жергілікті тұрғындар елді-мекенде ауыз су мүлдем болмағанын айтады. Бұқараның арызына алматылық әріптестерім құлақ түрді.

Ықшам аудан жұрты, ауыз су үшін, есек асырауға мәжбүр. Өйткені ойдым-ойдым жолдармен су тасуда оңай емес. Бұл жерде 13 жылдан бері тұратын Айдарбек, әлі күнге есекпен көрші ауылдан су тасып жүргенін айтады.  

Айдарбек ДЕРБЕСОВ, ТҰРҒЫН:

Нұра ауылынан тасимыз суды, 2-3 шақырым жердегі ауылдан тасимыз. Елдердің үйіне барасың су алайыншы, деп. Қысты күні ешкім бермейді суды, үйлеріне кіргізіп алған. Үйіне флакпен кіргізбейді. Содан кейін тұрасың ойбай аға, көке бере қойшы сырттан ала қояйын. Қатып қалмайды, үйтіп қалмайды, деп.


Бақыт ЖҰМАНОВ, ТҰРҒЫН:

Әкімдікке айтып-айтып шаршағанбыз ғой. Әйелдер барып әкімдікке айтады-айтады, уәде береді. Уәде бергеннен пайда жоқ. Жол мәселесі, жол қиын болып тұр бізде. Жиырма бірінші ғасыр болғанда бізде қазір цевелизация жоқ болып тұр ғой бізде.


Аудан әкімдігінің айтуынша, шағын ауданға су тартылып жатыр. Осы көктемде пайдалануға берілмек.  Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінген деді.

Асқарбек ҚАЗАНҒАП, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Дулат ықшам аудынының барлық көшелеріне су құбыры тартылып жатыр. Жобаның аяқталу мерзімі 2021 жылдың сәуір айы. Аталған ықшам ауданда жарық желісі жүргізілген. Жәй серіктестік құру арқылы пайдаланып отыр. Сондықтан төлеу бағасы 28 теңге. Қазіргі таңда АЖК балансына қабылдау жұмыстары жүргізіліп бітті.

Жергілікті атқамінерлер жолдың мәселесінен де хабардар. Айтуларынша, шағын аудандағы түйткілдерді рет-ретімен шешпек. Жол салу үшін биылғы жылға жобалық сметаға өтініш берілгенін мәлім етті.

А. Кемелжан