Коронавирустың "британдық" штамы Қазақстанға да келу қаупі бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, әрі бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты. Сондықтан да шетелде жүрген отандастарымыз аса сақ болуы керектігін ескертеді. Қазір сырқаттанып жатқан науқастар арасынан да жаңа штамм тексеріліп жатыр, деді. Айта кетейін, аталмыш дерттің алғашқы жағдайы қыркүйек айында Англияда анықталған еді. Өткен аптада Ресейден табылды.
Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
COVID-19-дық мутацияланған формасы яғни "британдық" түрі Қазақстанда анықталған жоқ. Оның қаншалықты қауіпті екендігі белгісіз. Нақты бірдеңе деп айту қиын, әлі зерттелу үстінде. Ғалымдардың болжамы бойынша, індеттің бүл түрі жастардың арасында көптеп таралуда. Жұқпа ауа тамшылары арқылы берілетінін ескерсек, оның бізге де келу қаупін жоққа шығара алмаймыз.
А. Данияр