Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе хром қосындалары зауытында бес адамның өліміне айыпталған үштік сотта ақталып шықты

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2021
  • 2921

«Ақтөбе хром қосындылары» зауытындағы қайғылы оқиға, марқұмдардың еңбек қауіпсіздігін сақтамағанынан болған. Бүгін сот онлайн өтіп, осындай шешім шығарды. Сондай-ақ, айыпталған зауыттың бөлім бастығы, цех шебері мен ауысым бригадиріне қатысты дәлелдің жеткіліксіздігін алға тартты. Олар заңсыз қудаланған деген тоқтамға келді. Еске салсақ, былтыр мамырдың 28 күні, аталған зауытта 50 текше метрлік бөшкені тазалап жатқан жұмысшылар күйіп қалған болатын. Бес адам бақилық болды. Артынша қылмыстық іс қозғалып, зауыттың басшылары айыпталған еді. Прокурор оларды бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Б. Рақметова