Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеке үйді қасқыр шаруашылығына айналдырған кім?

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2021
  • 4750

Алматы облысындағы жеке үйлердің бірінде қасқырларды өлтіріп, оның терісін сатқан тұрғын анықталды. Қатыгез азаматтың бұл әрекетін үй жануарларын қорғайтын еріктілер байқап қалып, дабыл қаққан. Сөйтіп жантүршігерлік кадрлерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктепті. Бұған қатысты полицейлер мен табиғат қорғау прокуратурасы араласты. Әріптесім Әсем Лесбек айтып береді.


Зооқорғаушы Евгения Калиниченко қасқырлар мен жыртқыш терлерінің сатылып жатқанын осыдан бір апта бұрын көрген. Хабарландыруды әлеуметтік желіден тапқан келіншек бірден иесіне хабарласыпты. Сөйтіп мекен-жайын алып, жануарға араша болуға барған.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Зооқорғаушы сатып алған қасқыр осы. Еріктілер оны 140 мың теңгеге алыпты. Жануар нәбәрі алты айлық екен.

Евгения КАЛИНИЧЕНКО, ЗООҚОРҒАУШЫ:


Зооқорғаушы ретінде мені қасқырлардың терісі сатылып жатқандығы алаңдатты. Сөйтіп өз көзіммен көру үшін онда бардым. Негізі бес қасқыр сатылымда тұрды. Біз біреуін ғана сатып алдық. Дегенмен тұрғын үйдегі жағдай мені шошытты.

Ерікті келіншектің айтуынша, асыранды қасқырлар тұрған жер адам шошырлық. Азулы жануарларда үркіп қалған деді. Есік алдынан аң терілерін көрген. Олардың арасында қасқырдан бөлек, қарсақтың еті мен терісі де болған.
 
Николай КОВАЛЕВ, ЕРІКТІ:
 
Оған қоса біз қарсақ еттерінің шашылып жатқанын да көрдік. Әрі үй иесі жеке үйдің аумағыннан цех сынды бөлме ашып алған. Онда терілерден кілемше тігіп сатуда.

Жағдайды үй иесінің өзінен білу үшін мұнда біз еріктілермен еріп келдік. Тұрғын үйдің жан-жағы қоршалған. Әрі бұрыш –бұрышына бейнекамералар орнытылыпты.

Үй иесі қақпасын ашқанымен, бізді кіргізбеді. Өзін толық таныстырмастан, дөрекілік танытты.
 
ВЛАДИМИР:

Сіздерге кім айтты біз тері сатамыз деп. Қатыгездікті қайдан көріп тұрсыздар. Адамдар лицензия арқылы қасқырларды атып бізге алып келеді. Біз әрі қарай өңдейміз. Барлығы құжатпен және ресми.

Кейіннен еріктілер оқиға орынына полицейлерді шақырды. Бірақ үй иесі құзырлы мамандарды да қақпа сыртынан қайтарды. Ал көршілері жағдайдан бейхабар.

Юрий  ГЕТОВ, КӨРШІСІ:

Мен бұл көшеде 30 жылдан бері тұрамын. Бұл отбасыны сол жылдан бері танимын. Ондай өрескіл әрекетін байқамағанмын. Мектеп жасындағы екі балалары бар. Бар білетінім осы.

Дегенмен Облыстық Полиция Департаменті қазір аталған іске қатысты тексеру жұмыстарын бастады.

Ернар САЙДЕЛДІН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Алматы облысының Полиция Департаменті әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында аталған деректі анықтады. Қазіргі уақытта Талғар аудандық полиция басқармасы тексеру іс шараларын жүргізуде.Нәтижиесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.


Сондай-ақ еріктілер табиғат қорғау прокуратурасы мен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жолдаған. Әзірге жауап жоқ. Ал зооқорғаушы сатып алған қасқырды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мамандары келіп тексеріп кетті. Олар жануарға құжат жасалынып, тиісті орынға тапсырылатын болады деді.


Ә. Лесбек