Русский Сайттың толық нұсқасы

Джозеф Байден инаугурацияны күтпестен, алдағы жоспарын жария етті

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2021
  • 2350

АҚШ-та жуырда сайланған жаңа Президент Джозеф Байден ұлықтау рәсімін күтпестен ел экономикасын құтқару жоспарымен бөлісті. Әлем ақпарат құралдары болса, қаңтардың 20-на белгіленген ұлықтау рәсімінде бүлік болмайды деп жарыса жазды. "Джозеф Байденнің инаугурациясы кезінде Трамп жақтастары көшеге шығып, бейберекет ұйымдастырады", деген хабарламаны федералды органдар таратқан көрінеді. Осыған қарағанда Дональд Трамп жеңілісін әлі күнге мойындамай жүргенге ұқсайды.

Джозеф Байденнің жеңілісін мойындамайтын Трамп жақтастары кішігірім төңкеріс жасамақ. Ол, бейберекет жаңа Президентті ұлықтау рәсімі күні, яғни қаңтардың 20-на жоспарланған. АҚШ-тың Федералды құрылымдары сондай-ақ Капитолийдегі жағдайдың қайталануы мүмкін деп отыр.

Кристофер РЭЙ, АҚШ ФЕДЕРАЛДЫ ТЕРГЕУ БЮРОСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Түрлі әлеуметтік желілердегі жазбаларды саралап отырмыз. Жаңа Президент инаугурациясы болған күні қарулы қақтығыстар болуы әбден мүмкін.

Бұл, онсызда жағдайы мүшкіл Дональд Трампты тағы жерге қаратты. Оның билігіне күмән келтіргендер қарасы көбейді. Демократтар ғана емес Республикалық партиядағылар да Трампқа сенімсіздік танытуда. Мұның нәтижесін АҚШ-тың Өкіл палатасы әрекетінен байқауға болады. Бұл палата жуырда Дональд Трампқа кезекті импичмент жариялауды қолдады. Сөйтіп, Трамп АҚШ тарихында импичментке екі рет ілінген бірінші Президент болды. Трамптың өзі бұл тақырыпты осы жолы айналып өткісі келді.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен бүкіл амеркалықтардың бір халық болып бірігуін қалаймын. Алдыға жылжуымыз керек. Отбасымыздың тыныштығы, ел болашағы үшін бірігуміз қажет.

Ал, жаңа Президент Трамптың өзін де сөзін де керек қылатын емес. Делавэр штатында өткен жиында, Джозеф Байден 1,9 трлн доллар болатын жаңа жобасын ұсынды.

Брайан ДИЗ, ДЖОЗЕФ БАЙДЕННІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Бізге,шұғыл түрде АҚШ экономикасын құтқаратын Заң жобасы керек. Вакцинация бағдарламасы тоқтап қалмас үшін жаңа инвестициялар тартып, елдің әлеуетін көтеруіміз қажет.

Байденнің жаңа жобасы "Американы құтқару жоспары" деп аталды. Онда вакцинацияны жылдамдатып, мектептер мен мекемелерді ашу және экономиканы жұмыс істету көзделген.

Д. Мұхаммедкәрім