Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жыл басынан бері 6 мыңнан астам қылмыс тіркелді

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2021
  • 1717

Елде қылмыс деңгей азаймай тұр. Жыл басынан бері. Бар жоғы 18 күннің ішінде Республика аумағында 6 жарым мыңға жуық қылмыс тіркеліпті. Оның 35-сі кісі өлтіру фактісі бойынша. Бұл Ішкі істер министрлігі таратқан ресми дерек.

Қылмыстың алдын алу мақсатында - Заң жылдан жылға қатайып келеді. Бірақ одан, қылмыскерлер қарасы азаятын емес. 2021 жылдың алғашқы үш аптасында алты жарым мыңға тарта қылмыс тіркелген.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 
Жыл басынан бері 6484 қылмыс жасалды, оның 4321-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 35 кісі өлтіру қылмысын, 12 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіруді, 42 тонауды, 977 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Балаларға зорлық-зомбылық көрсетуі фактілері де аз емес. Қылмыстың бұл түрі үшін де елде жаза қатты екенін айта кеткен жөн. Президент тапсырмасынан кейін, заңға енгізілген кейінгі өзгерістер қаңтардың 11-де күшіне енді.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мәселен, Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» қылмысы бойынша айтар болсақ, төменгі шегі 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Ата-анасының, өгей әкесінің, педагогтің осындай қылмысқа барғаны үшін санкция 17 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл норма бойынша 12-17 жыл бекітілген еді.


Пандемия басталғалы бері 2020 жылы қылмыс деңгейі 2019-дан қарағанда сәл төмендеу болған екен. Ішкі істер министрлігі келтірген дерекке қарағанда, өткен жылдың соңғы 8 айында Республика бойынша жиыны 115 мыңға тарта қылмыс тіркеліпті. Бұл мұның алдындағы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 34 пайызға төмен.

Ә. Өмірзақ