Русский Сайттың толық нұсқасы

Үш қалада, жалға "арзан пәтер" тапсырған күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2021
  • 1771

Павлодарда, жалға арзан пәтер тапсырып жүрген Петропавл тұрғыны ұсталды. Ол, ғаламтор арқылы хабарлама таратып, елді алдап жүрген болып шықты. Полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқ элиталы пәтерлердің суретін салып жалған ақпарат берген. Сөйтіп ол, "жоқ" пәтерді 13 адамға жалға тапсырып үлгеріпті. Басқа қалада іс-сапармен жүргенін айтып ол, елге ақшаны алдын ала аудартып отырыпты. Ақысын ала салысымен күдікті сим-картаны лақтырып, ізін суытып отырған. Дәл осы айламен ол Жезқазған және Қостанай қалаларының тұрғындарын да алдап соққан екен. Тәртіп сақшылары күдіктінің Петропавл қаласының 30 жасар тұрғыны екенін анықтады.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдіктіні ұстау кезінде 2 ұялы телефон және 5 сим-карта табылды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ө. Қуанар