Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда шаһардың шырайын кетіретін сақалды құрылыстар көбейіп кетті

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2021
  • 2658

Таразда құрылысты бастап алып, жұмысты орта жолда қалдырып кететін жауапсыз компания көбейген. Сақалды құрылыстарды мұнда кез-келген ауданнан кездестіруге болады. Аяқсыз қалған нысандар қоршаған ортаға ғана емес ойын жасындағы балаларға да қауіп төндіре бастады. Тараздың сиқын қашырған болар-болмас құрылыс нысандарын меншікті тілшіміз Берік Жұмабай көріп қайтты.

Мына тұрған, тұрғын үй кешенің құрылысы "Бәйтерек" мөлтек ауданымен қатар басталып еді. Жаңа ауданның салынып болғанына - 16 жыл болды. Ал, тұрғын үйдің қаңқасы сол қалпы тұр. Қараусыз қалған құрылыс нысаны осы күнде айналасына қауіп төндіретін болған. Жергілікті тұрғындар, әсіресе ойын жасындағы балаларына алаңдаулы.

БЛИЦ:


- Краны құлайын деп тұр ана жерде біреуге құлап не қылса кім не қылады. Анау арматураның төбесіне шығып жүрген балалар құласа кім жауап береді.

-Не қарауылда жоқ, ештеңесі жоқ.  Қаланың қақ ортасында тұр ғой мысалға мына жерде қарашы, қаншама үйлер тұр. Қаншама үйлердің қаншама балалары ойнайды бұл жерге. +Аяғы сыңған бала, қолы сынған балаларды естідім. +Бұны қалалық әкімде областной әкімде біледі.

-Қарап тұрсаңыз қарныңыз ашады, қарашы тұрысын міне. Тұрғанына көп болды енді. Сәпсем жауапсыздық қой енді бұл.


Таразда бұл жалғыз нысан емес. Қалада, мұндай сақалды құрылыстың 35-і бар. Соның бірі, "мен мұндалап" дәл облыс әкімдігінің қасында тұр. Бұл қаңқаның өзіне биыл - 10 жыл болған. Атқамінерлердің айтуынша, бұл нысандар - банкротқа ұшыраған компанияларға тиесілі екен. Әкімдік ол жобаларға жаңа инвестор тартпақ.

Асхат ЕСЕНАЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қайсысы қай жылы біту бойынша толық бекітілген облыс әкімімен жоспарымыз бар. Соған сәйкес биылғы жылы біз жеке инвесторлар есебінен тоқтап қалған құрылыс нысандары бойынша 8 нысанды сол жаңағы жеке кәсіпкерлермен толығымен аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Жамбылда - құрылыс нысандары ғана емес қара жолда "жамбасынан" жатыр. Соның бірі қаланың қақа ортасында. Аяқсыз қалған жолдар Абай даңғылында, Қойгелді, Сыпатай және Көшеней көшелерінде бар. Бұл жолдардың қопарылып жатқанына биыл үшінші жыл болды.

БЛИЦ:

-Қарап тұрсаңыздар көрдіңіздер ма 2018 ден бастап соғылып келе жатыр. Жол бітпеген де дұрыс. Жартысына келіп тастап кеткен мынау не сұмдық.
 
-Колодцалардың барлығын жөндеп істемеген. Проспект, Абай мынау даңғыл центральный ғой қалада.


Бұл жолдар жыры - облыстық антикордың да назарына ілікті. Арнайы жүрген тексеріс кезінде талай былықтың беті ашылған екен.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТІГІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Ол жерде лабораториялық керінділер алынды. Қорытындысымен сапасыз болғанын анықтап жұмысты тоқтатып қойғанбыз. Сол кезде артынан қайтадан орындаймыз деп мердігерлер айтқан.  Бірақ бүгінгі күнде өздеріңіз көріп отырсыздар мердігер өзінің міндеттемелерін орындаған жоқ.

Сапасыз жол жыры сотқа да жетті. Тапсырыс беруші, мердігер компания үстінен арыз жазған. Жауапсыз кәсіпорынға ондаған айыппұл салынды. Бірақ ол нәтиже беретін емес.

Б.Жұмабай