Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық шенеунікке қатысты тергеу аяқталды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2021
  • 2525

Павлодарда 14 млн. теңге жымқырды деп күдікке іліккен шенеунік Риза Аяпбергеноваға қатысты тергеу аяқталды. Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, қылмыстық істі енді сотқа жолдамақ.  

Айдар ТАСТЕМІРОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:


Іс  біткен жоқ, әлі. Қазір олар танысып жатыр. Өйткені, ол бір эпизод емес, адвокаттар тынысып жатыр, өздері танысып жатыр. Осы айдың аяғына дейін бітіреміз. Былтыр үлгере алмай қалдық, бітіруге. Қысқартылған жоқ, тоқтатылған жоқ. Ол іс міндетті түрде сотқа барады.


Естеріңізге салайық, өткен жылы аймақтағы «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының басшысы Риза Аяпбергеноваға бюджет қаражатын қолды қылды деген айып тағылған болатын. Осыдан соң ол уақытша жұмысынан шеттетілген. Ал, істі тергеу 1 жылға созылды. Орталық басшысы жалған құжаттар жасау арқылы қазына қаржысына жымқырып келген деген күдік бар. Риза Аяпбергенова  - «Шаңырақ» орталығын 2017 жылдан бері басқарып келеді. Мекемеде 100-ден аса адам еңбек етеді.

Ө. Қуанар