Русский Сайттың толық нұсқасы

Талғар ауданының әкімі парамен ұсталғаны рас па?

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2021
  • 2195

Алматы облысы Талғар ауданы әкімі Серікжан Ерекешев, пара алды деген күдікпен ұсталғаны рас па? Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті. Ал, құзырлылар болса ақпаратты растамады, тіпті жоққа да шығармады.     
Хабарламада әкімнің орынбасары мен тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің жетекшісі де парамен ұсталғандығы жазылған. Лауазымды бір топ қызметкерлер мердігерлік ұйымдардың бірінен 2 миллион теңге қаражат алыпты-мыс. Сондай-ақ, мұнай және газ магистралдық өнімдерін жасаушы мекеменің 8 миллион теңгесін алған деп көрсетілген. Біз жергілік әкімдіктегілерге хабарласып, сұрап көрдік. Ондағылар жағдайды былай түсіндірді.

Еркін ТОҒУЗАҚОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Аудан әкімдігінде ешқандай ақпарат жоқ. Бәрі жұмыста, жұмыстан ешкім босатылған жоқ әлі. Әкім жоқ. Былай бәрі выезда жүр.

Айта кетейік, Серікжан Ерекешев Талғар ауданы әкімі қызметіне былтыр тамызда тағайындалған. Ол коронавирустан қайтыс болған бұрынғы аудан басшысы Жолан Омаровтың орнына келген болатын.

Ә. Лесбек