Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирусқа қарсы вакцинаны шенеуніктердің өзі қабылдай ма?

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2021
  • 1522

Коронавирусқа қарсы вакцинаны шенеуніктердің өзі қабылдауға дайын ба? Дәстүрлі брифинг өткізген денсаулық сақтау министрлерлігі өкілдеріне осы сауалды төтесіне қойдық. Елдің бас дәрігерінің орынбасары отандық препараттың әзір болғанын күтемін, дейді. Ал, әріптестері Ажар Ғиният пен бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов, Ресейдің "Sputnik V" екпесін қабылдағалы жатқанын жеткізді.   

Марат ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Екпенің алдында антиденелерді зерттеудің қажеті жоқ. Бұл біздің ұсынылған әдістемемізде барлығы көрсетілген. Біздің ұсынысымыз 6 айдың ішінде науқас коронавируспен ауырса жаңағы екпені жасау керек емес екенін.

Вакцина қабылдаған адамда екпе орны қызарып, белгілі бір симптомдар болуы мүмкін, дейді мамандар. Ол дәрінің жағымсыз әсерлері деген тізімде көрсетілген екен. Енді елдегі эпид ахуалға тоқталсақ. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 1400-дей жағдай тіркелді. Республика көлемінде ауырғандар саны 181 мыңнан асты. Еске сала кетейін, қазіргі таңда COVID-19-ға шалдыққандар жатқан ауруханалар 31 пайызға толған. Егер оның көлемін 70 пайызға жетсе елде күшейтілген карантин енгізілуі ықтимал.

А. Данияр