Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл Семейде ядролық медицина орталығы ашылады

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2021
  • 2060

Биыл Семейде ядролық медицина орталығы ашылады. Бірегей мекемеде енді онкологиялық ауруларды диагностикалайды әрі емдейді. Айта кету керек, тек соңғы үш жылдың ішінде өңірдегі ауруханаларды жабдықтауға 23 миллиард теңге жұмсалды. Бес мыңнан астам дәрігер әлемнің үздік клиникаларында білім алды. Ал 30 жыл бұрын ақ халаттылар да, өлімнен аман қалған науқастар да бұл туралы армандаған да жоқ. Болашақ медицинасы туралы тілші бейнематериалында.

Сағаттың әрбір соққан секунды науқас үшін де, оның өмірі үшін жанталасқан дәрігер үшін де маңызды. 90-шы жылдары Шығыс Қазақстанның шалғай елдімекеніндегі жергілікті халық қажетті ем-домын қабылдау үшін жүздеген шақырымды артқа тастауға мәжбүр еді. Бұл уақыт қаншама адамның өмірін қиды. Бірақ бүгін бәрі өзгерген. Алтай және Аягөз аудандарында заманауи құралдармен жабдықталған кардиологиялық орталықтар ашылды. Қазір мыңдаған пациенттер үйде емделуде.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ- ЕЛБАСЫ:

 
Облыс орталықтарына жету тіпті мүмкін емес. Сондықтан бүгін біз шұғыл көмек көрсете алатын арнайы медицианалық орталықтар аштық. Бәрін жадықтадық. Бүкіл әлем адам өмірін ұзарту үшін күрес жүріп жатыр. Мен әрбір облыс орталығында жүрекке ота жасай алатын арнайы орталықтар ашуға жағдай жасадым. Қазір біз жеткен жетістік те аз емес. Елде жүрек-тамыр ауруларынан болатын өлім саны айтарлықтай төмендеді.


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан енді туған сәби мен ананың өміріне араша болуға жағдай жасап келеді. Мысалы, Алтай медициналық орталығында бірден үш шалғай аудан үшін перинаталдық орталық ашылды. Енді ондағы жергілікті халық жүздеген шақырым жерді еңсеруге міндетті емес. Жаңа мекемелерде шетелдік медицинадан хабары бар мамандар жұмыс істейді.

БЛИЦ:

-Біздің тәлімгерлеріміз перзентхананың жабдықталуына, мұндағы дәрігерлердің біліктілігіне таң қалды.

-Біз әрі қарай да жалғастыра береміз. Германия, Англия, Еуропадағы үздік мамандардан тәжірибе алмасуды жалғастырамыз.
 

Ольга Иванова - физика мұғалімі. Қазір үш қыздың анасы. Тұңғышы мен ең кенжесі осы жаңа орталықта дүниеге келді.

Ольга ИВАНОВА, АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Мұндай ауруханаға 4-рет те келуге болады. Бұл жолы дүниеге ұл алып келсем деп едім.

Кәсіпкер және белсенді блогер Рүстем Адамов жақында Өскемендегі «Ана мен бала» орталығында болды. Ол біздің дәрігерлер тіпті жаңа туған нәрестелерге де осындай күрделі операциялар жасайды деп елестете алмадым деп пікір қалдырған.
 
Рүстем АДАМОВ, КӘСІПКЕР:

Мен әлеуметтік желіде осы орталық туралы жаздым. Достарымның көбі мұндай бізде бар ма? Ол жұмыс істей ме? Деп. Әрине, гидро ота бар. Бүйрек тастарын ірітетін балаларға арналған ультрадыбыстық аппарат бар. Жақында кішкентай бала ауыр жарақат алды. 70 пайыз денесін күйік шалған. Біздің дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін аман сақтап қалды.  

Пандемия кезінде облыстық пульмонология орталығы ашылды. Тыныс алу аурулары өршіп тұрған өнеркәсіптік аймақта мұндай орталық аса қажет. Палаталардан операциялық бөлмелерге дейін жабдықтау жағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Ерте кезеңде онкологиялық және туберкулез аурулары анықталады.

Сергей ПОПОВ, ӨСКЕМЕНДЕГІ № 4 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:


Жеке ПТР-зертханасы, рентгендік зерттеу, сондай-ақ 32-ші бөлімде компьютерлік томограф бар. Тыныс алу жүйесі ауруының барлық қажетті диагнозы жасалады. Елбасы өзінің сапары барысында барлық іс-шараны, барлық бағдарламаларды, соның ішінде біздің облыс аумағында өткізілетін оқыту бағдарламаларын мақұлдады.

Семейде ядролық медицина орталығының ашылуы биылғы жылдың басты медицина жаңалықтарының бірі болмақ. Ал шекараларды ашқаннан кейін дәрігерлер медициналық тәжірибені шетелде жалғастырады. Бұл мамандық, жалпы сала сияқты, үнемі жетілдіруді қажет етеді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті деп атала алады.

А. Мүтәлі