Русский Сайттың толық нұсқасы

Баспаналы болған атыраулықтар құжаттарын ала алмай жүр

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2021
  • 2436

Баспаналы болған атыраулықтар құжаттарын ала алмай жүр. Жыл жарымнан бері, шенділерден де дұрыс жауап ала алмай жүргендерін, айтып, арнамызға арызданды. Араларында кезегімен пәтерлі болғандар да, апатты жатақханадан көшіп келгендері де бар. Қала маңындағы «Жұлдыз» ықшамауданында орналасқан бес қабатты үй тұрғындарының шыдамы шегіне жеткен. Басында жаңа баспана болғанымен, меншік құқығына ие бола алмай отырғандардың, коммуналдық мәселелер де шаш етектен.

Асылбек Шманов жаңа үйге көшіп келгенде балаша қуандық ,- дейді. 6 балалы отбасына, баспана жалға беру құқығы арқылы берілген. Алайда жыл жарымнан бері пәтер құжатын ала алмай сарсаңға түскен.   

Асылбек ШМАНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Былай қарағанда арендалық үй. Бағасын білмейміз қаншадан төлейтін. Бұрын айтады гой, 5-10 жыл деп.  Мында келгеннен кейін бізге өмір бақи арендалық үй,- деді. Сонда қалай? Қолда документ жоқ, құжат жоқ. Қайда бармай жатырмын?


Қаладағы апатты жатақханадан жаңа үйге қоныс аударған Гүлнәр Қапенова да, құжаттың жоқтығынан қиналып жүргенін айтады. Жақын маңдағы емханалар қабылдамаған соң, әлі күнге қалаға сабыламыз,- дейді.

Гүлнәр ҚАПЕНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Үйіміздің құжаты жоқ. Балаларды Балықшының емханасына апарып жатырмыз. Қызым бар үйде, екі баласы бар. Немере-жиендерім бар, бір үйде 10 адам тұрамыз.  Балықшыға сүйреп жатырмыз. Құжатты жасаймыз, телефон соғамыз,- деді. Ешқандай телефон да жоқ. соғылып жатқан.

Жыл жарымнан бері тұрғындарға құжат бермек түгілі, жарытымды жауап беруге асықпаған шенділер бұл жолы өздері, жиналғандарды сабырға шақыра келді. Ресми тіркеуден өтуге ұзақ уақыт кеткеніне айтып ақталды.

Самат ЕМБЕРГЕН, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Қазіргі уақытта бұл ресми тіркеуді қажет етті. Юстициялық органдардан.  Қазіргі уақытта ресми тіркеуден шығып жатыр. 10 ақпаннан бастап құжаттарын толықтай алуға мүмкіндік болады.


Әншейінде көре бермейтін әкімдік өкілі келісімен тұрғындар коммуналдық проблеманы да ақтарып қалды. Айтуларынша, су жүйесі дұрыс орнатылмағандықтан, краннан салқын судың орнына ыстық су жүреді. Подъезд бен көшеде де тас қараңғы.  

Б. Нәдірқызы