Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы жарықсыз сусыз қалды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2021
  • 1988

Батыс Қазақстан облысы жарықсыз, сусыз қалды. Төтенше жағдай мамандары бұған ауа райы себеп болғанын айтып ақталды. Өңірдегі Бәйтерек, Жаңақала, Тасқала, Теректі аудандарындағы 2 мыңнан астам үй қараңғыда отыр. Сонымен қатар 30 әлеуметтік нысанда жарық жоқ. Мамандардың хабарлауынша күннің жылынуынан электр сымдарына қатқан мұзды, желілер көтере алмай үзілген. Ал бағаналар құлап қалды. Электр желісіндегі ақаудың кесірінен, бес бірдей елдімекен судан да қағылып отыр. Тасқала және Бөкей ордасы аудандарындағы суқоймаларының су соратын құрылғылары істен шыққан.  

Нұралы МУСИЕВ, БҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Шығынды қазіргі таңда толықтай айту мүмкін емес. Яғни, осы электр желілері Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясының теңгерімінде болғандықтан, осы компанияның бастамасымен комиссия құрылып, енді осы мекеме өзі шығынды белгілеп, өзі баяндайтын болады. Бір тәуліктің ішінде апат толықтай жойылады деген сенімдеміз.


Е. Карин