Русский Сайттың толық нұсқасы

Ғылыми атағы бар адамдар, интернет арқылы ақшаға диссертация жазып жүр, - С.Айтпаева

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2021
  • 1986

Ғылымда да сапа жоқ. Интернетте сұраған ақысын төлесеңіз, докторлық диссертацияның өзін жазып беретіндердің қарасы қалың. Сенатор Сәуле Айтпаеваның айтуынша, тіпті ғылым кандидаты, доктор атағы бар ғалымдарда диссертацияны дайындап бере алады. Құны жұмыстың күрделілігіне байланысты. Ғылыми жұмыстың кез-келген тексерістен сүрінбей өткенін қаласаңыз, қымбатырақ төлеуге тура келеді. Сенат қабырғасында депутат плагиат жеңілдеп, сапа төмендеп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.  

Сәуле АЙТПАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Google-дан «докторлық, кандидаттық диссертацияны сатып алу» деп іздегенде, 46 секунд ішінде соған қатысты 33 мың мәлімет шығады. Бұл - Қазақстанның өзінде. Мысалы, қазақстандық сайттардың бірі тікелей «уақыт үнемдеңіз» және «қажет нәрсеңізді алыңыз» деп жарнамасын ұсынады. Ғылым кандидаты, докторы жазады, ВАК журналына ғылыми мақала жариялауға көмектесеміз, келісімшарт жасаймыз» делінген.


Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринова, мәселенің бар екенін мойындайды. Мұндай жағдайлардың жолын кесу үшін Бас прокуратурамен жұмыс істеп жатқандарын айтты. Министрлік өз тарапынан былтырдан бастап антиплагиаттың біріңғай жүйесін енгізгенін жеткізді. Талап қатаңдатылғанын айтты.

Шолпан ҚАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Ғылыми қызметкерлер арасында бұл мәселені кеңінен талқыладық. Мәліметтерді қарап отырсақ,  жыл сайын докторантураға түсу үшін шамамен 2 мың грантқа қаражат мемлекеттік бюджеттен төленеді. Бұдан бөлек өз ақшасына 200-ден аса маман ғылыми дәреже алу үшін докторантураға түседі. Жылына 200 ғылыми жұмыс жарияланады. Бұл қазіргі 20 мың ғылыми қызметкерге шаққанда өте аз.


Ә. Өмірзақ