Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар да коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2021
  • 2042

Вице-министрлерден қалыспай мәжілімендер де, коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Депутаттар Зарина Камасова, Ғалымжан Елеуов және Лариса Павловец, сайлауға дейін пандемия кезінде медициналық мекемелерде жұмыс істеген. Мәжілістің баспасөз қызметі, қалған депутаттарды вакцинациялау наурыз айында Денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сәйкес жүргізілетінін айтты. Ал, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осыған дейін COVID-19-бен ауырғандықтан, жеткілікті дәрежеде антиденелері бар екен. Яғни дәрігерлердің көрсеткішіне сай дәрі қабылдамаса да болады. Депутаттар жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті тез қалыптастыруға және қазақстандықтардың өмірін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік беретініне сенімді.

Ғалымжан ЕЛЕУОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Дәрігер ретінде мен қазір жаппай вакцинациялау ғана коронавирустың таралуына қарсы тұра алатындығын жақсы түсінемін. Әрине, бұл әр адамның еркі. Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені, ол менің де, туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты.

Енді эпидемиологиялық ахуалға келсек. Коронавирус жұқтыру жағдайы әлі де тұрақсыз. Өткен тәулікте 1300-ге тара адамда індет ПТР сынамасы арқылы анықталған. Осылайша қазір кеселдің ілмегіне ілккен 28 мыңдай қазақстандық бар. 57 науқастың өмірі қыл үстінде. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханаға түсіп жатқандардың арасында сырқат орташа түрде өтіп жатыр.

А. Данияр