Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда заманауи аурухана салынуда

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2021
  • 2722

Петропавлда көпсалалы ауруханана құрылысы қарқын алды. Мемлекеттік жеке әріптестік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаның құны 115 миллиард теңге. Аурухананың қазіргі ғимараты науқастарға ғана емес, дәрігерлерге де таршылық етеді. Ол осыдан 40 жыл бұрын салынған. Жаңа құрылыстың сапасы "Nur Otan" партиясының аймақтағы өкілдерінің жіті назарында. Нұротандықтар сайлауалды бағдарламасында медициналық қызмет көрсету сапасына да назар аударған болатын. Партия мүшелері аймақта алдағы 5 жылға атқарылатын жұмыстарды іріктеп, жол картасы әзірлеп алды.

Қызылжарда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын бақылау мықтап қолға алынды. 5 жылдық жоспарда өңір үшін өзекті жеті міндет айқындалды. Әлеуметтік, білім, экономикалық және денсаулық сақтау салаларының дамуын бұқара үшін маңызды. Жетекші партия мүшелері бұл міндеттерді бұдан былай қорытындылап отырмақ.

Әсем РАХМЕТОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


СҚО бойынша алдағы бес жылда 65 мың жұмыс орны ашылуы керек пе, ол жылдарға бөлінген. 4.6 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек пе, осының барлығы жол картасына түсіріледі. Яғни, қай ауылдан қай ауылға дейін жол салынады, ол қай жылы салынады, оған қандай басқарма,қандай тұлға жауапты деген сияқты. Әрбір жарты жыл сайын фракция осы мәселені қатаң бақылауда ұстайды.

Жол картасында орын алған медициналық қызмет көрсету сапасында да бірқатар жұмыстар қолға алыныпты. Қазір көпсалалы аурухананың құрылыс жүріп жатыр. Медициналық мекеме 2023 жылы қолданысқа берілуі тиіс. Жаңа нысан ашылса, теріскейдің медициналық саласы бірнеше қадам ілгерілей түседі, дейді аймақ дәрігерлері.  

Юрий БЕЛОНОГ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Қазіргі біздегі ауруханалар 1980 жылдары салынған. Олар жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік берер емес. Мәселен, қазіргі операциялық бөлмелер тар. Бүкіл жаңа құрылғыларды онда орналастыру мүмкін емес. Ал, жаңа ауруханада 18 ота жасайтын бөлме болады. Соның арқасында біз хирургияның барлық бағыттарын қамтимыз. Жаңа ғимаратқа қаладағы төрт ірі медициналық орталықты сыйдыруға болады. Мұнда онкологиялық, кардиологиялық, перинаталдық және көпсалалы ауруханалар көшеді.

Партия мүшелері сайлауалды бағдарлама негізінде әзірленген жол картасын, енді мәслихатқа жолдамақ. Депутаттар қарауынан соң, орталық аппаратқа бекітпек.

А. Құрманкин