Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкетте атыс ұйымдастырғандардың біреуі әлі табылмаған

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2021
  • 2656

Өткен тамызда Шымкеттегі мейрамханада атыс ұйымдастырғандардың біреуі әлі іздестірілуде. Бұл туралы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз жиынында белгілі болды. Бір адам оққа ұшып, тағы бірінің ауыр жағдайда ауруханаға түсуіне байланысты, төрт адам айыпталып отыр. Мейрамханадағы атысқа қатысты іс алты бірдей баппен тергелген. Судьяның айтуынша, сотқа тартылғандар "Адам өлтіру", "Атыс қаруын заңсыз алып жүру", "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" және "интернет ресурстары арқылы заңсыз жариялау" баптарымен айыпталуда. Алғашқы сот процесі алдағы жұмаға белгіленіп отыр. Аталған қылмыстық іс сотта алқа билердің қатысуымен қаралмақ.

Самидин ТЕМІРӘЛИЕВ, ШЫМКЕНТ қ.ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

 
Алқа билер алқасының ол тек қана сотталушылардың өздеріне берілген құқықтары. Ол кісілер өздерінің құқықтарын пайдалана отырып, алқа билермен қарауды талап етті. Сондықтан мұндай жағдайда соттың одан бас тартуға құқығы жоқ. Олардың талап-тілектерін қанағаттандырып, сотты алқа би алқаларының құрамында қарайды.

Еске салайық, бейресми ақпарат көздері сол кезде «Гранд Прага» мейрамханасындағы қанды оқиға - қос қылмыс серкелерінің арасындағы текетірестен туғанын таратқан-ды. Мұнан өзге дәмханада отырғандарға сырттан келіп оқ жаудырған қылмысқа қатысты істің жай-жапсары да белгілі болды. 2019-ші жылы қазандағы қанды оқиғадан төрт адам жараланып, біреуі сол жерде жан тапсырған еді. Қазір бұл іс бойынша екі адам сотқа жауап беріп жатыр. Тағы екі күдікті әлі табылмаған.

А. Төребекқызы