Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары қылмыстық топ құрған ба?

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2021
  • 2270

Қамбасы астыққа толы аймақ атқамінерлері, соңғы кездері қалтасын ақшаға толтырам деп қалт кетіп жатыр. Тобыл өңірінде тағы бір топ шенеунікке қатысты іс қозғалып, сотқа жеткен. Қылмыстық топ құрып, мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында бөлінген 484 миллион теңгені жымқырған деген күдік бар. Қомақты қаражат шаруашылық қожалығына арнайы жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлініпті. Қазына қаражатын ауыл шаруашылық басқармасының мамандары қалтаға басқан сыңайлы. Аса ірі мөлшерде ақша жымқырған тұлғаларға, қылмыстық іс қозғалған.  

Көркем БЕКТАСОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:


Қостанай облысы бойынша  экономикалық тергеу департаментінде бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырған бір топ тұлғаға қатысты іс тергелуде. Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 миллион теңгені жымқырған. Қаражат облыстық шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып ұңғымаларда суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде берілген еді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.


Ал, ауыл шаруашылық басқармасының басшылығы тергеу департаменті келтірген ақпардың кей тұсын теріске шығарып отыр. Мәселен бір топ тұлға емес, жалғыз бас маманға қатысты іс қозғалғанын айтады. Оның өзі бұрынғы қызметкер деді.


Қайрат ЫСМАЙЫЛОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұрынғы қызметкеріміз.
-Неше қызметкер? Бір қызметкер.
-Бөлім басшысы ма? Жоқ,жоқ ол бас маман болған.Кешірерсіз.


З. Санай