Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2021
  • 2383

Бүгін Қостанайда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды. Наразы топ электронды төлем жүйесін енгізбеуді талап етіп отыр. Қаладағы көлік қатынасын тоқтатпау үшін компания басшылары өздері автобус тізгіндеуге мәжбүр болды. Жергілікті билік жүргізушілер жанайқайын неге естімейді? Мәселенің мәнісін Заңғар Санай зерделеп көрді.

Қостанай тұрғындарын тасымалдауға күніне 175 қоғамдық көлік шығуы тиіс екен. Бірақ 25 автобустың жүргізушісі жұмысқа келмей қойды. Амалсыз автобусты компания басшылары өздері тізгіндеген.

Юрий ПАНАСЕНКО, ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің көліктер шықты. Бірақ өте аз. Сондықтан компания  басшылары, өзіміз автобусты тізгіндедік. Түсініксіз наразылықтың салдарынан тұрғындар зардап шекпеу үшін өзіміз қоғамдық көлік жүргізуге мәжбүр болдық.

Қала тұрғындары ақпанның сарышұнақ аязында сағаттап автобус тосуға мәжбүр болғанын айтады. Аялдамадағы көпшілікті көрген такси жүргізушілері де тарифті көтеріп жіберген.

Электрондық төлемге қарсы болған қалың жүргізуші бұған дейін қала билігіне талай рет талабын жеткізді. Алайда атқамінерлер құлақ аспады. Амалы таусылған олар жексенбі күні әлеуметтік желі арқылы үндеу жариялап, жұмысқа шықпайтынын ескертті.

Еске салайық Қостанайда электрондық төлем былтыр қараша айында сынақ ретінде енгізілген. Алайда, картамен есеп айырысудың зияны шаш етектен, дейді жүргізушілер. Аппарат сан рет рет сөніп қалып, қайта қосқанда жолаушылар жасаған төлем жоғалып кеткен.

Қанат ТӨЛЕУБАЕВ, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:

Жұрттың ақшасы кетіп қалады. Бір сөнгенде.400-500 теңге.Өзіміздің шоферлердің де ақшасы кетіп жатыр.50 адамның ішінен сөнген сайын қайта  қосқанда уже жартысы жоқ.Мына валидаторлардың кемістіктері көп.

Қостанай қаласында жолаушылар тасымалымен 5 жекеменшік автопарк айналысады. Компания өкілдері мен қала билігі бүгін тағы кездесіп, проблеманы талқыға салды. Әкімдік келесі айдан бастап субсидия бөлуі мүмкін екенін жеткізді.

Наурызбай МУСИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ  ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Ертеңнен бастап бізде дифференциалды тариф тағайындалатын болады.Соның арқасында біз ендігі  айдан бастап тасымалдаушы анықтамаларын алып, талқылап ендігі айдан бастап біз субсидия төлеуге мәжбүрміз.

Тасымалдаушы компанияларды субсидиялауға қазынадан 195 миллион теңге бөлінбек. Қомақты қаражат есебінен жүргізушілер  айлығын өсіру көзделіп отыр. Ал электрондық төлем мәселесіне қатысты шенеуніктер    нақты шешім айтқан жоқ.

З. Санай