Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда тағы да құбыр жарылды

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2021
  • 1643

Павлодарда тағы да құбыр жарылды. Тағы 10 үй мен 3 әкімшілік ғимарат сусыз қалды. Күні кеше коммуналдық апаттан 20-ға тарта көпқабатты баспана тіршілік көзінен ажыратылған болатын. Керекуде апат неге жиілеп кетті? Сусыз қалған тұрғындар қалай күн көріп жатыр. Аймақтағы әріптесім біліп келді.

Биыл қыс павлодарлықтарға оңайға соқпай тұр. Кеше ғана құбыр жарылып, көшелер мен үйлерді су басқан болатын. Бүгін тағы да құбырдағы ақаудан көпқабатты үйлер сусыз қалды.

Татьяна КЛИЧЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кеше су таситын көлік келеді - деді, ақыры күні бойы күтіп келмеді. Бүгін келді. Бірақ, суы таусылып қалды. Бар жоғы 2 шелек ғана су алдым. Ал кеше дәретханаға су таппай қар әкеліп, ерітіп соны құйдық. Басқа амал болмады. Бұл құбырлар жиі жарылады. Екі күннің бірінде сусыз қаламыз.

Ал мамандар су тасымалы қалтқысыз ұйымдастырылып жатыр дегеннен жаңылар емес. Жарылған құбырды бүгіннен қалтырмай жөндейміз - деп отыр.  

Вадим ПАРШУКОВ, «ПАВЛОДАР СУ АРНАСЫ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

10 көпқабатты тұрғын үй мен 3 әкімшілік нысанда су уақытша өшірілді. Оған құбырдың жарылуы себеп. Апат орнында мамандар құбырды қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бүгін су беретін боламыз.

Жауаптылар апаттың жиілеуіне құбырлардың ескіруі себеп болғанын айтады. Қазіргі күні Павлодардағы инженерлік желілердің 80 пайызының тозығы жеткен. Көбі өткен ғасырдан бері жөндеу көрмепті.  

Анатолий МОИСЕЙ, «ПАВЛОДАР СУ АРНАСЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
      
Ауа райының құбылуы да инженерлік желілерге әсер етті. Өйткені, құбырлар ескірген. Сондықтан, қатты қысымға шыдас бермей жарылып кетіп жатыр. Бұл биылғы қыстағы болған үлкен апат. Барлығын қалпына келтіреміз.

Кешегі апатта кезінде жарылған құбырды жамап болғандарын айтты. Кешке дейін сусыз қалған көпқабатты үйлерге су береміз – деп сендірді.

Ө. Қуанар