Русский Сайттың толық нұсқасы

1 млн-нан астам азаматтың 2 млрд теңге қарызы кешірілді

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2021
  • 9611

Ел аумағындағы 1 млн-нан астам азаматтың, 2 млрд теңге қарызы кешірілді. Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті. Айта кетсем, салықтық рақымшылықты пайдаланғандардың қатары өткен жылға қарағанда биыл 300 мың азаматқа артық. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Яғни, салықтық рақымшылықты өз пайдасына шешкендер қатары еліміз бойынша 70 пайызды құрап отыр. Мемлекеттік кірістер комитеті аталмыш заң салықтық берешегі бар жеке тұлғалар үшін көмек ретінде енгізілгенін айтады.

Әлібек АБДИЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Егерде өсімпұл кешірілетін болса, тек қана сол салықтың негізгі сомасын ғана төлесе болады ғой. Ендеше бұл азаматтарға деген жеңілдік -біріншіден. Екіншіден салық бойынша берешектерінен құтылу. Сонымен қатар мынау салықтық жағдайды жақсарту болып табылады.