Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2021
  • 2058

Алдағы үш күнде елдің шығысында ауа температурасы 33 градусқа дейін төмейдейді. Ал, батыста қар аралас жаңбыр жаумақ. Бұл туралы "Қазгидромет" орталығы хабар таратты. Қазақстандағы күн райы екі барикалық формациялармен анықталады. Республиканың шығысына жылжитын суық антициклон ауа температурасын төмендетеді. Ал батыс өңірлеріне Балқан циклоны ықпал етеді. Яғни қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Көк тайғақ, тұман күтіледі. Сондай-ақ, Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстік жартысында кей жерлерде қар жауады, ал қалған бөлігінде жауын-шашын болмақ.