Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 10 миллион адамға вакцина салу қажет, - А.Есмағамбетова

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2021
  • 2700

31 миллиард теңге. Отандық вакцинаның өнідірісіне осынша қаржы жұмсалмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният айтты. Аталған сомамен елдің 15 миллионнан астам тұрғынын екпемен қамтамасыз етуге болады екен. Бұған дейін Ресейдің "Sputnik V" препаратымен вакциналау жұмыстарына мемлекет бюджетінен 50 млрд теңге қаражат қарастырылатыны туралы хабарланған болатын. Ал, көпшілік қарсы болған америкалық Pfizer вакцинасы елге жеткізіледі деген ақпаратты министрлік өкілдері жоққа шығарды.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


"Pfizer" вакцинасын әкелеміз деген екі ортада белгіленген келісімшарт жоқ. Қазір біздің елімізде  бірінші айтып кеткен ресейдің "Sputnik V" екпесі қазір жүріп жатыр вакцинация. Сосын өзіміздің қазақстандық вакцина болады. Қазір отандық вакцина кленикалық зерттеулерден өтіп жатыр.

1 ақпаннан бері 1300-ден аса медицина қызметкері індетке қарсы екпені қабылдаған. Сондай-ақ саланың 130 маманы дәрі қабылдаудан бас тартқан. Сонымен бірге, коронавирустан құтылу үшін елдің 60 пайыздан астам тұрғынына вакцинацина салынуы керек, деді.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРАЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Қазақстанда ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін шамамен 10 миллион адамға екпе жасалуы  қажет. Осыншама халыққа барлық вакцина дозасы қолжетімді болса да, 1-2 айда екпе салуға үлгермейтініміз анық. Сондықтан шектеу шаралары жылдың соңына дейін, тіпті 2022 жылға созылуы ықтимал. Әзірге, маскалық режимнен бас тара алмаймыз.

А. Данияр