Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол-көлік апатынан аман қалған 8 жасар қыздың жағдайы жақсарып келеді

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2017
  • 2570

Павлодарда трамвай қаққан 8 жасар жеткіншек жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл жайында "Астана" арнасының тілшілеріне балалар ауруханасының өкілдері хабарлады. Кішкентай Маралдың жағдайы біршама жақсарған. Орташа ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр, және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ирина Орсагош, Павлодар облыстық балалар ауруханасы бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы:

Ол ауыр жарақатты бастан кешті. Қазіргі жағдайына байланысты тиісті емшара қабылдап жатыр. Қатаң төсек режимі талап етіледі. Қыз есін жиған, сұрақтарға өз еркімен жауап беруде. Әлі де емделуі қажет.

Еске салайық, Павлодарда апалы сіңлілі екі оқушы қызды трамвай қағып, біреуі көз жұмған. Апатқа жол берген жүргізуші уақытша қамау изоляторына жабылды. Павлодар  соты күдікті әйелді екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Облыстық соттың баспасөз қызметі жіберген ресми ақпаратқа сай күдіктінің қорғаушысынан арыз түскен. Адвокат қамауға алу шешімін үй қамаққа ауыстыруды сұрапты. Оқыс оқиға орын алысымен, қоғам белсенділері қара жамылған отбасыға қол ұшын беруді сұрап, үндеу жариялаған. Бастаманы білім басқармасы қолдап, жалғызбасты әйел мен екі баласына пәтер алып беру үшін қаражат жиналуда, оның мөлшері қазір 12 миллионға жуықтап қалды. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ