Русский Сайттың толық нұсқасы

Салық кодексі жер қойнауын пайдаланушыларға бірқатар жеңілдіктер қарастырды

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2017
  • 2433

Жиын-терім жұмыстары аяқталуға жақын. Астық пен бау-бақшаның 80 пайызына орақ түскен. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді. 

Ел аумағында 11,6 млн гектар алқаптың астығы жиналып, 14,7 млн тонна дәнді дақыл бастырылды. Жалпы республика бойынша барлық егістік алқаптың 77 пайызы жиналған. Оңтүстік, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында масақты дәнді-дақылдарды жинау аяқталды. Солтүстік өңірлерде 10,6 млн тонна астық жиналған. Ақмола облысында 3,5 млн, СҚО-да 3,3 және Қостанай облысында 3,8 млн тонна астық бастырылды.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

Бақша дақылдарын жинау жұмыстары да жалғасуда. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша егістік алқабының 76 пайызы жиналып, одан 3,1 млн тонна өнім алынып отыр. Қант қызылшасы былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық жиналады деп күтіледі.

Сондай ақ, Үкіметте жаңа Салық кодексі қаралды. Премьер заң жобасын қыркүйекте  Парламентке өткізуді тапсырды. Қолданыстағы кодекс қысқарып, түсінікті етіп жазылған, - дейді құзырлы ведомство өкілдері. Елге инвесторлар тарту үшін, геологиялық барлау мен жер қойнауын пайдалануға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Бірақ бұдан бюджет пен Ұлттық қор ұтылмайды, - дейді министр.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Родостовец тау-кен саласы үшін үстеме пайда салығын алып тастауды айтқан. Ұсыныс түсті, оны алып тастадық. Әлемдік тәжірибені ескердік. Бірақ салық жүктемесі жойылған жоқ. Олар қанша салық төлегенін есептедік, содан соң жүктемені рента салығына қостық. Бюджет және Ұлттық қор бір тиын жоғалтқан жоқ.