Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да қар көшкіні астында қалған туристің денесі жерге түсірілді

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2021
  • 2349

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні астында қалған туристің денесі жерге түсірілді. Бұған ауа райыда бірақ кедергі келтірді. Алдымен құтқарушылар оқиға орнына тік ұшақпен шыққанымен, кейін көру мүмкіндігі төмендегендіктен кері қайтқан. Артынша қарда жүретін көлікпен қайта шығуға мәжбүр болды.

Айта кетейін, қайғылы оқиға Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында болды. Алты саяхатшы қар көлігімен тау шыңына шықпақ болғанда, кенет қар көшкіні жүріп, 42 жастағы азамат астында қалған. Қалғандары оны іздеп, мәйітін тапқан.  

Жадыра АМАНҒАЛИҚЫЗЫ, ШҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қар көшкіні жүріп, 1979 жылғы ер адам қар астында қалды. Қазір оны түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жерде құтқарушылар мен қатар еріктілер, саяхатшылар да бар. Барлығы атсалысып жатыр.

Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауы облыстағы қар көшкіні жүру қаупі жоғары жерлердің бірі саналады. Өңірде бірнеше күн болды дауылды ескерту жарияланған. Дегенмен төтеншеліктер ескертуді елемейтін саяхатшылар барын айтады.


Ә. Өмірзақ