Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та жүзге жуық көлік соғылды

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2021
  • 3589

АҚШ-та ірі жол көлік апаты жиілеген. Бір ғана Техас штатында шамамен 100-ге жуық көлік соғылған. Осының салдарынан 6 адам қаза тапты. Тағы жарақат алғандар да аз емес. Көліктердің жаппай апатқа ұшырауына жолдың көк тайғақ болуы себеп болуы ықтимал. Өйткені соңғы күндері қар мен жаңбыр өңірде қатар жауып тұр.  

Бұл кадрлар - құдды Голливудтың қорқынышты фильмінен алынған шебер сахна дерсіз. Өкінішке орай, Америкада ауа райының қолайсыздығынан болған жол апаты. Апат салдарынан оқиға орнында тіл тарпай кеткендеріде бар. 40-қа жуық жолаушы ауыр жараланған. Құтқарушы топ қызметкерлері, көлік арасында қалғандарда алып шығу үшін бірнеше сағат бойына жұмыс істеуге мәжбүр болған.  

Джим ДЭВИС, ФОРТ-УЭРТ ҚАЛАСЫ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Бірнеше адам көліктерінде кептеліп қалған, соларды алып шығу үшін арнайы құралдарды пайдалануға тура келді. Осы уақытқа дейін 36 адам ауруханаға жеткізілді, тағы 65 жолаушыға алғашқы  медициналық көмек көрсетілді.

Соңғы күндері штатта ауа райы тұрақсыз. Қар мен жаңбыр толассыз жауып тұр. Ал, ауа температурасы болса нөлден төмен. Полицияның дерегінше, жол апатына қолайсыз ауа райы мен жолдың көк тайғақ болуы  себеп болған.

Нил НОУКС, ФОРТ-УЭРТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
 
Бұл жердегі апатқа ұшыраған көлік саны 130-ға жетуі мүмкін. Бірақ ол нақты емес. Біздің алғашқы болжамымыз бойынша жаппай көліктерідің соғылуына жол үстіндегі мұз себеп болып отыр. 
 

Ал оқиға орнында металдың үлкен үйіндісі пайда болды. Дәрігерлер болса ауруханаға түскен адамдардың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Ірі жол апатынан көлік қозғалысы қиындады. Осыған орай оқиға болған жолдың екі бағыты да жабылды. Жауын-шашынның тоқтамауынан штаттарда, жол апаты жиілеген. Апат құрбандары да көбейіп келеді.

Б. Сатуов