Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран әлемге өзінің ядролық бағдарламасын тағы бір рет еске салды

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2021
  • 1670

Иран ядролық нысандарына, Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігінің инспекторларына кіруге тыйым салынуы мүмкін. Ислам республикасы осылайша АҚШ-тан санкцияларды алып тастауға тырысуда. Бұған дейін Тегеран «ядролық келісіміне» қатысушыларға талап қойған болатын. Егер шектеулер алынып тасталмаса, Иран билігі уранды бейберекет шығармақ. Американың бұл талаптарға келесе ме? Тілшіміз тарқатады.

Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігінің инспекторлары, Иранның атом нысандары үшін қажетсіз тұлғаға айналуы мүмкін.  Бұл көп уақытты алмайды, - деді Тегеран. Демек, Иранның өзі уран байыту процесін атом агенттігі мамандарының бақылауынсыз басқарады. Ислам республикасы санкцияларды алып тастауға мәжбүр ету үшін бар күшін салатын сияқты.

Саид ХАТИБЗАДЕ, ИРАН СЫРТҚА ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Егер атомдық келісім, келісім-шартқа сай ақпан айының соңына дейін іске қосылмаса онда біз парламенттің шешімі бойынша Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігінің қосымша хаттамасының орындалуын тоқтата тұруға міндеттіміз.

Мұның бәрі 2015 жылы басталған еді. Сол кезде Иран, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі мен Германия - Бірлескен Кешенді іс-қимылдар жоспарына - қол қойған болатын. Тараптар Иранға қарсы барлық санкцияларды алып тастауға уәде берді, Тегеран өз кезегінде ядролық бағдарламасын шектеуге уағдаласты. Белгілі бір уақытқа дейін ортақ бұл келесім бәріне тиімді болды. Еуропалық бизнес Иранға тартылды, ақша аз да болса, елге құйылды. Бұған жауап ретінде ол өзінің ядролық бағдарламасын жинай бастады. Ал 2018 жылы АҚШ-тың сол кездегі Президенті Дональд Трамп біржақты тәртіппен келісімнен шығу туралы шешім қабылдады. Брюссельдің барлық уәделеріне қарамастан, жағдай ушыға түсті. Еуропалық Одақтан көмек күтпестен, Тегеранның ядролық келісім бойынша міндеттемелерін орындаудан біртіндеп алшақтаудан басқа амалы қалмады.

Хасан РУХАНИ, ИРАН ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз Бірлескен іс-қимыл жоспары бойынша өз міндеттемелерімізді толықтай орындауға дайынбыз. Егер бес плюс бір елдің өз міндеттемелерін ұстанатын куә болсақ. Әлем мен аймақ үшін бұдан басқа жол жоқ. Жалғыз шынайы жол - бұл Иранмен бітімгершілік келісім. Біз бұл жолда табысқа жетеміз деп сенемін.


Джо Байденнің сайлауалды науқан кезінде АҚШ-ты ядролық келісімге қайтарамыз деп уәде берген еді. Бірақ бұл қалай жасалатыны белгісіз. Жақында телеарналардың біріне берген сұхбатында Президент Байден Вашингтон Тегеранды келіссөздер үстеліне отырғызу үшін санкцияларды алып тастай ма деген сұраққа «жоқ», - деп жауап берді. Ал «алдымен Иран уранды байытуды доғаруы керек пе» деген сауалға Джо Байден басын изеді. Шындығында, Байден келіссөздер үстеліне отыруға асықпайтынын анық айтты. Олар Иран уранды 20 пайызға дейін азайтпаса, салынған санкцияларды алынбайтынын білдірді.  

Джен ПСАКИ, АҚШ АҚ ҮЙІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бірақ тұтастай алғанда оның ұстанымы өзгеріссіз қалады: егер Иран Бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберіндегі міндеттемелерін толық орындауға оралса, Америка Құрама Штаттары да солай етеді. Содан кейін оны басқа салаларға да әсер ететін кеңірек және мазмұнды келісім құру алаңы ретінде пайдаланады.

Әзірге АҚШ-та, Иран да «ядролық келісімге» қатысты ұстанымдарынан шегінуге ниетті емес. Тегеран санкцияларды алып тастауды сұрайды. Вашингтон алдымен міндеттемелерді орындауды талап етеді. Әзірге барлық келіссөздер журналистер арқылы жүргізіліп жатқан секілді.

Б. Надірқызы