Павлодарда алдағы 5 жылда 12 мың пәтер салынбақ. Шаһарда жаңадан 2 шағын аудан бой көтеретін болады. Бұл мәселе "Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған «Жол картасына» енді. Сондай-ақ, партиялықтарда өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жобаларды қолға алмақ. Бірінші кезекте тұрғындарды баспанамен қамту. Осыған сай облыс орталығында 2 бірдей шағын аудан бой көтеріп, онда 360 көпқабатты тұрғын үй салынады деген жоспар бар. Бұдан бөлек, мектеп, аурухана, балабақша секілді әлеуметтік нысандардың құрылысы да жанданбақ.
Анар ЖЕТІБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
10 балабақша ашылады. Ол балабақшалар нақтырақ айтсақ Павлодар қаласында 5 балабақша ашылайын деп отыр. Екібастұз қаласында 2 балабақша. Ақсу қаласында біреу және Павлодар ауданында 2 балабақша ашылайын деп отыр.
Бұдан бөлек, Керекудегі өзекті мәселенің бірі – ауыз су проблемасын да шешу жұмыстары қолға алынбақ. Бұл бағытта елді-мекендерді таза ауыз сумен қамту көрсеткішін 5 жылда 100 пайызға жеткізу межесі қойылды. Жол салу, коммуналдық желілерді жаңарту, салауаты өмір салтын жақсарту сынды бірқатар түйткілдер де алдағы 5 жылдың еншгісінде.
Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Туризмі дамыған елдің болашағы да зор екенін білесіздер. Туризмді дамыту көптен көтеріліп жүрген әсіресе, Баянауылдағы жұртшылыққа ел ішінен келетін, шетелден келетін азаматтарға тиісті деңгейде қызмет көрсету сапасын арттыру бұл ауадай қажет өте өзекті мәселе. Сондықтан бұл да негізгі бағыттардың бірі болып белгіленіп отыр.
Ө. Қуанар